Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия кезекті отырысын өткізді.Шерлі жылдар тарихы туралы кітап , фото көрмесі ұйымдастырылып, фильм көрсетілді.Комиссия отырысында келесі сұрақтар қарастырылды.

1. ГУЛАГ лагерлерінде болған құрбандар мен зардап шеккендерді толық оңалту жөніндегі жобалық кеңсенің жұмыс тобы туралы (А.А.Сейтқасымов);

2. Саяси қуғын - сүргін құрбандары: дәстүрлі діни қызметкерлер өкілдері туралы (А.Т. Бексеитова)

3. Қоныс аударушылар туралы естеліктер, қазақ халқының олардың тағдырындағы рөлі (Н.Қ. Закірин зейнеткер)

4. Сандықтау ауданы мұрағатының саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту бойынша жүргізген жұмыстары туралы (Г.И.Виноградова, Сандықтау ауданының мемлекеттік мұрағатының директоры).

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы жүргізген алқалы жиынға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, ғалымдар, ардагерлер, өлкетанушылар қатысты. Ғылым және жоғары білім министрінің атынан бір топ ғалымдарымыз Алғыс хаттармен марапатталды.Жыл жұмысы қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды.