Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде жобалық кеңседе жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Күн тәртібінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі негізгі бағыттар бойынша жұмысын ұйымдастыру, комиссияның жылдың жоспарына сәйкес іс-шараларды өткізу мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты топ басшылары хабарлама жасады. Атап айтқанда оқу орнының 60- жылдық мерейтойын өткізу барысында тақырыптық көрмеге қатысу, бейнеролик жасау, аудандарға шығып мұрағат жұмыстарымен танысу, жинақ шығару, мақалалар дайындау, Алматы, Қызылжар қалаларына іс-сапарға шығу, республикалық конференциялар мен семинарларға қатысу талқыланып жауаптылар белгіленді. Қазірдің өзінде облыстық архив пен полиция департаментінің арнайы қорының біраз құжаттары жиналып сараптамадан өтуде. Хабарламадан соң комиссия мүшелері өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Комиссия соңында негізгі бағыттар бойынша жұмыс топтарының құрамы бекітілді.