Перевод данной статьи еще не готов. Ниже приведен оригинал статьи на казахском языке. Просим прощения за временные неудобства.

 

27 қазан күні Жобалық кеңсе мен Солтүстік Қазақстан облысы
ұйымдастыруымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі
мемлекеттік комиссияның қызметін сүйемелдеу жөніндегі жобалық
кеңсесінің «1939-1945 жж. фашистік Германия, Финляндия және басқа
Еуропа елдерінде қамауға алынған қазақстандық әскери тұтқындарды,
сондай-ақ «Түркістан легионында» уақытша болған қазақстандық әскери
тұтқындар бойынша материалдар жинау жөнінде тәжірибе алмасу
туралы» тақырыбындағы топтық семинар өтті.
Аталмыш семинарға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университеті жанындағы Жобалық кеңседен Шарипов Ақан Асқарбекұлы
бастаған зерттеу тобы қатысып, өз зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Ақан Асқарбекұлы өз баяндамасында зерттеу құрамы Ақмола облысы
мемлекеттік архивінде және Ақмола облысы полиция департаменті
ақпараттандыру және байланыс басқармасының мамандандырылған
мемлекеттік архивінде жұмыс жасағанын айта келіп, семинар тақырыбына
қатысты бірнеше маңызды әрі тың деректермен бөлісті Атап айтқанда«Ұлы
Отан соғысының бұрынғы әскери тұтқындары және Германиядан оралған
ҚазКСР азаматтары» атты қорында №1308 іс бар, оның ішінде 3174 тегі
бойынша есепке алу карточкасы бар. Көптеген қазақстандық әскери
тұтқындар Польша, Германия, Италия, Франция, Латвия, Дания, Белоруссия,
Украина лагерлерінде болды. Істерде жеке мәліметтер мен жеке құжаттар
бар. Бұл қор бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі
департаменті 1939-1945 жылдары Германия аумағында тұтқында болған
қазақстандықтардың тізімін ұсынды. Осы тізім бойынша зерттеу жұмыстары
жүргізілуде.