Перевод этой статьи на русский язык еще не готов. Просим прощения за неудобство.

 

Қыркүйектің 17 күні Қостанай облысының жобалық кеңсесінің
ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау республикалық
комиссиясының 3 зерттеу бағыты бойынша «Кулактарды, байларды,
жартылай феодалдарды (орта шаруаларды) және крестьян-шаруаларды ақтау
бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзірлеу, зерделеу бойынша
материалдар жинау бойынша ақпарат және жұмыс тәжірибесімен алмасу
туралы» семинарға т.ғ.к., доцент Утегенов Марат Зеннатұлы қатысып, өзі
басшылық ететін топтың жұмыс барысы жайлы баяндама жасады.
Баяндамада Марат Зеннатұлы топ құрамы қазіргі уақытта бай-кулактарға
қатысты құжаттарды қарастырып аты-жөндері мен категорияларын анықтап
тізімдерін жасап жатқаны жайлы тоқталды. «Категорияларды анықтау өте
маңызды, өйткені байлық-дәулетіне /мал санына/ қарамай қудаланған
отбасылар жеткілікті. Мұндай фактілердің болуы негізінен олардың
әлеуметтік шығу тегіне байланысты және кәмпескелеу мен ұжымдастырудың
жоспарын асыра орындаумен байланысты жүргізілген», - деп маңызды
жайттарға баса назар аударды.
Мемлекеттік комиссияның қызметін сүйемелдеу бойынша жобалық кеңсенің
жетекшісі Сабыр Ахметжанұлы Қасымов пен өңірлік топ жетекшілері Марат
Зеннатұлы жасаған баяндамаға жоғары баға беріп, атқарылған істерге өз
ризашылығын білдіре келе, Марат Зеннатұлы бастаған топ құрамына алдағы
зерттеу-жұмыстарына сәттілік тіледі.