Перевод этой статьи на русский язык еще не готов. Просим прощения за неудобство.

 

29 қыркүйек күні Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен саяси
қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша құрылған Мемлекеттік
комиссияның «Большевиктік-сталиндік режимнің шаруаларға қарсы
күшейтілген ұжымдастыру, сатып алу және басқа да саяси науқандарының
құрбандары бойынша материалдар жинау жөнінде тәжірибе алмасу туралы»
республикалық онлайн-семинар өтті. Семинарға Жобалық кеңсе атынан
«Күштеп ұжымдастыру жылдарында колхоздар құру мен жекеменшіктегі
дүние-мүлікті тәркілеу саясаты (Ақмола облысының мысалында)» атты
баяндамасымен Ақмола облысы саяси қуғын-сүргіндерді ақтау аймақтық
комиссиясының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өтегенов
Марат Зеннатұлы қатысып, қызықты тың деректермен бөлісті. Баяндама
мәліметіне сәйкес ұжымдастыру жылдарында Ақмола аймағынан дүние-
мүліктері кәмпескеленіп 46 ірі бай жер аударылды екен. Олардан 12 142 мал
басы мен ауылшаруашылық жабдықтары, көлік құралдары тартып
алыныпты. Барлық тәркіленген мал мен ауылшаруашылық жабдықтары
колхоздарға бөлініп берілген екен. Ұжымдастырудың алғашқы жылдарында
Ақмола аймағында 22 жаңа колхоз құрылыпты. 1929 жылдың екінші
жартысынан бастап колхоздық қозғалыс барлық ауылдарды қамтып,
колхоздарға кедейлермен қатар орташа шаруалар да тартылды, өйткені бұл
репрессияға ұшырамаудың белгілі жолы болды. Осы және өзге де деректер
Жобалық кеңсе ғалымдарымен әлі толықтырылып жинастырылуда.
Бір айта кететін жайт, Марат Зеннатұлы бастаған 3 зерттеу тобы
қатарынан үшінші рет Мемлекеттік комиссияның республикалық онлайн-
семинарына баяндама әзірлеп қатысуда. Осы тамыз-қыркүйек айлары ішінде
3 зерттеу тобының мүшелері «бай-кулактар» қатарына жатқызылып
қудалануы мен жазалануы жайлы мәліметтер жинау барысында Ақмола
облысының мемлекеттік мұрағаты мен Зеренді ауданының мұрағат
қорларында зерттеу жұмыстарымен айналысып, жұмыстарын одан әрі
жалғастыруда. Ендеше, Марат Зеннатұлы бастаған әріптестерімізге ғылыми
ізденіс, зерттеу жұмыстарына шығармашылық табыстар мен сәттілік
тілейміз!